Еңбек қауіпсіздігі, Денсаулық сақтау және Қоршаған ортаны қорғау

Қауіпсіздік — әрбір жобаның негізі

TENOIL компаниясында қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығы — ең жоғары басымдық және әрбір жобаның ажырамас бөлігі. Біздің мақсатымыз — ешкім зардап шекпейтін, әрбір қызметкер жұмыс күнінен кейін үйіне аман-есен оралатын және қоршаған ортаға әсер барынша азайтылатын қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру.

Біз Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, компанияның ішкі стандарттарын және тапсырыс берушілердің талаптарын сақтай отырып, еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды басқаруда жүйелі тәсілді қолданамыз.

01/ 04

HSE-дің негізгі қағидаттары

Тәуекелдерді басқару

Өндірістік операцияларды орындау алдында TENOIL мамандары тәуекелдерді бағалап, қажетті бақылау шараларын анықтайды. Қауіптілігі жоғары жұмыстарға және әртүрлі мердігер ұйымдардың өзара іс-қимылына ерекше назар аударылады.

Персоналды оқыту және құзыреттілігі

Барлық қызметкерлер жұмысқа жіберілгенге дейін қажетті оқытудан, кіріспе нұсқамадан және білімін тексеруден өтеді. Қосымша даярлық қызметкердің лауазымын, кәсібін және нақты нысанның ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.

Еңбек жағдайларын тұрақты бақылау

HSE мамандары жобаның барлық кезеңдерінде — жұмылдырудан бастап жұмыстарды аяқтауға және нысанды тапсырыс берушіге тапсыруға дейін — қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды.

Әрбір қызметкерді сенімді қорғау

Компания қызметкерлерді орындалатын жұмыстар мен анықталған тәуекелдерге сәйкес қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.

Жедел және үйлестірілген әрекет ету

Әрбір жоба үшін нысанның ерекшеліктері мен орындалатын жұмыстардың сипатын ескере отырып, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспарлары әзірленеді.

Қызмет атқаратын аумақтарға жауапкершілікпен қарау

Біз өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ұмтыламыз.

Әрбір оқиғадан сабақ аламыз

Барлық оқиғалар, ықтимал қауіпті жағдайлар және жарақатқа немесе залалға әкелуі мүмкін жағдайлар міндетті түрде тіркеліп, талданады.

Тергеудің мақсаты — кінәлілерді іздеу емес, себептерді анықтау және осындай жағдайлардың қайталануына жол бермеу.

Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады

Қауіпсіздіктің жоғары көрсеткіштеріне тек рәсімдер мен бақылау арқылы ғана емес, ең алдымен әрбір қызметкердің жауапкершілікпен қарауының арқасында қол жеткізіледі. Бірлескен күш-жігерімізбен біз қауіпсіздік барлық шешімдер мен іс-әрекеттердің ажырамас бөлігіне айналатын жұмыс ортасын қалыптастырамыз.

TENOIL әрбір жобаны жарақатсыз, апатсыз және қоршаған ортаға зиян келтірмей жүзеге асыруға ұмтылады. Біз жобаның әрбір кезеңінде жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін көшбасшылықты, кәсіби даярлықты, тәуекелдерді тиімді басқаруды және қызметкерлердің жеке жауапкершілігін біріктіреміз.

HSE саясатын жүктеп алу
Жүктеп алу